Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес 10 қазан күні 10-11 сынып ата-аналар жиналысы өткізілді. Тақырыбы: "Өмір бойы оқыту, Неге?, Қалай?"
Мақсаты: Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата – ананы, яғни отбасын тәуелді етіп емес, оны қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу, баланың дамуы туралы ақпарат ата – аналарға бала тәрбиелеуде өз рөлін жүзеге асыруға ықпал ететіндігіне көз жеткізу. Ата – аналармен бірлесіп психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтармен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту. Жиналыс жаңа форматта өткізілді. Жиналыс барысында "Өмір бойы оқыту керек па? Қалай?" деген сұрақтар талқыланды Жиналыста әртүрлі әдістер қолданылып, тренингтер өткізілді. Жиналыс соңында ата-аналар балаларына өз ақтілектерін қағаз бетіне түсірді.
Өткізген: Хабай А. #біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие__pvl_usp #козыкеткенскаясош #козыкеткенсош